Басты бетЖаңалықтарҚұлсарыда мопед мінген бала автобусқа соғылып, қаза болды

Құлсарыда мопед мінген бала автобусқа соғылып, қаза болды

Құлсарыда 7 шілде күні кешкісін жол-көлік оқиғасы болып, 12 жастағы жасөспірім қаза тапты. Бұл туралы облыстық ПД хабарлап отыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ПАЗ «Вектор Некст» маркалы жолаушылар автобусы бұрылып жатқан сәтте, жоғары жылдамдықпен келе жатқан мопед оның бүйірінен соққан.

Қатты соққы салдарынан бала ауыр жарақат алып, дереу аудандық ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлердің көмегіне қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады.

Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында құқық қорғау органдары тергеу жұмысын бастады. Қажет сараптамалар тағайындалған.

Тергеуде басты назар аударылып отырған мәселелердің бірі – 12 жастағы баланың мопедті қалай тізгіндегені және оған рұқсаттың қалай берілгені.