Басты бетЖаңалықтарАлматыда теріден желатин шығаратын зауыт салынып жатыр

Алматыда теріден желатин шығаратын зауыт салынып жатыр

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров үкімет отырысында терімен жүн экспортына салынып келген бажды неге жойғандарын түсіндірді.

Шетел валютасындағы түсімді арттыру үшін тері мен жүнге салынатын экспорттық кедендік баж салығы алынып тасталды. Бүгінде тері мен жүн экспорттайтын 15 кәсіпорын шикізат сатып алу көлемін арттырды. Бұл қабылданған шаралардың сұранысқа ие екенін көрсетеді, — деді министр.

Айдарбек Сапаровтың айтуынша, елдің екі өңірінде тері мен жүн өңдеу жобалары іске асырылып жатыр.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысындағы «КАЗФЕЛТЕК» ЖШС жүннен жылу оқшаулағыш материал өндіру жобасын жүзеге асыруда. Ал Алматы қаласында Iskefe Holding ЖШС ауыл шаруашылығы жануарларының терісінен желатин өндіру жобасын іске асырып жатыр, — деді ведомство басшысы.