Басты бетЖаңалықтарТүркістан облысында суару суын пайдалану ережесін бұзған 65 дерек анықталды

Түркістан облысында суару суын пайдалану ережесін бұзған 65 дерек анықталды

Түркістан облысының Жетісай ауданында суару суын пайдалану ережелерін бұзған 65 деректі анықталды.

Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлап отыр.

Анықталған 65 фактінің 61-і суармалы суды жеткізушінің келісімінсіз өсірілген дақылдарды су көп қажет ететін дақылдарға өз бетінше ауыстыруға қатысты. Тағы үш жағдайда күріш алқаптарын суару су жеткізу туралы келісімшартсыз жүргізілген.

Су нысандарын тұрақты бақылаумен айналысатын төрт жұмыс тобы құрылды, су заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтіліп, суару суын пайдалану ережелері қабылданды. Құқық қорғау органдары суару суын әділ бөлу мен оны заңсыз пайдалануға қарсы күресте маңызды рөл атқарады. Мониторингтік топтардың құрамына құқық қорғау органдары өкілдерін қосу олардың тиімділігін арттырады, – деді ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов.

Еске салайық, биыл 10 маусымнан бастап суару суын пайдалану ережелері күшіне енді.

Бұл ережелерге сәйкес, келісімшартсыз су тұтынғаны үшін бекітілген тарифтің екі еселенген мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Ал су берушінің келісімінсіз өсірілетін дақылдардың түрін өзгерткені үшін бекітілген тарифтің 1,5 еселенген мөлшерінде айыппұл салынады.