Басты бетЖаңалықтарҚазақстан мен Өзбекстан арасында тікелей әуе рейсі іске қосылды

Қазақстан мен Өзбекстан арасында тікелей әуе рейсі іске қосылды

3 шілдеде Өзбекстанның Centrum Air әуе компаниясы Нүкіс–Ақтау–Нүкіс бағыты бойынша жаңа тұрақты рейсті жүзеге асыра бастады.

Бұл туралы «Дунё» агенттігі хабарлап отыр.

Жаңа рейстің ашылуына орай Ақтау халықаралық әуежайында салтанатты шара ұйымдастырылды. Іс-шараны Өзбекстанның Ақтаудағы бас консулдығы мен Қазақстанның Маңғыстау облысы әкімдігі бірлесіп өткізді.

Аптасына екі рет орындалатын тұрақты рейстер Өзбекстанға туристер ағынын арттырып, өзара сапарлардың көбеюіне және сауда-экономикалық байланыстардың нығаюына ықпал етеді.