Басты бетЖаңалықтарАстананың Тұран даңғылында қозғалыс уақытша шектеледі

Астананың Тұран даңғылында қозғалыс уақытша шектеледі

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына Сығанақ көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскеде Тұран даңғылы жол төсемінің үстіңгі қабатын салу жұмыстары жалғасатынын хабарлап отыр.

Осыған байланысты, биылғы 7-12 шілде аралығында аталған учаскедегі қозғалыс ішінара кезең-кезеңімен жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы алдымен әуежайдан қалаға қарай, кейін қаладан әуежайға қарай бір бағытта ғана ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескеруді сұраймыз, — делінген жазбада.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.