Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы «Ақорда» хабарлап отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта мерейтой иесінің тарихи рөліне тоқталып, оның жаңа дәуірдегі қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұрғанын және Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқанын жазған, – делінген хабарламада.
Нұрсұлтан Назарбаев 6 шілдеде 85 жасқа толады. Бір айта кетерлігі, Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 3 қаңтарда AnaTili газетіне берген сұхбатында «Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кеткеннен кейін де саяси сыпайылықты сақтай бермейтін» деп пікір білдірген.