Басты бетPushСыртқы істер министрлігінде ауыс-түйіс болды

Сыртқы істер министрлігінде ауыс-түйіс болды

5 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер вице-министрі Роман Василенконы қызметінен босатып, Еуропа одағының жанындағы әрі НАТО-дағы Қазақстан өкілдігінің басшысы қылды.

Роман Василенконының орнына Қазақстанның Таиландтағы елшісі Арман Исетов сыртқы істер вице-министрі қызметіне тағайындалды. Ол 1975 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.

Сондай-ақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Елекеевті Қазақстанның Кувейттегі елшісі қызметіне қойды. Ержан Елекеев 1986 жылғы 2 сәуірде Ақтау қаласында дүниеге келген.