Басты бетЖаңалықтарАлматыда Райымбек даңғылының бір бөлігінде қозғалыс шектеледі

Алматыда Райымбек даңғылының бір бөлігінде қозғалыс шектеледі

Алматыда Райымбек даңғылының бөлігі бір түнге жартылай жабылады. Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС хабарлап отыр.

5 шілде сағат 23:00 бастап 6 шілде күні сағат 08:00 дейін Алматыда Райымбек даңғылының бойымен Ахрименко көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін екі бағытта автокөлік қозғалысы жартылай шектеледі.

Уақытша шектеу жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында, 1983 жылы пайдалануға берілген магистральдық құбыржол учаскесінде жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі.

Қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сонымен қатар 2GIS және «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған. Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, — делінген хабарламада.