Басты бетЖаңалықтарАлматыда қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты

Алматыда қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты

Алматыда қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлап отыр.

Алматы қаласының прокуратурасы кеден саласына тексеру жүргізген.

Сотталушылар жалған құжаттар мен кедендік сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, тауарларды кедендік шекара арқылы өткізген. Сонымен қатар нақты орындалмаған жұмыстардың, көрсетілмеген қызметтердің және тиелмеген тауарлардың шот-фактураларын жазып берген, — делінген хабарламада.

Бұл іс бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалған. «Кеден саласындағы уәкілетті экономикалық операторлар» компанияларының басшылары күдікті ретінде танылған. Салдарынан мемлекетке 33 миллиард теңгеден астам залал келді.

Сот үкіміне сәйкес айыпталушылар қылмыстық кодекстің 216, 234-баптары бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі мемлекет кірісіне тәркіленді. Сотталушылар екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды, — делінген хабарламада.