Басты бет Жаңалықтар Шымкентте тағы бір қаржы пирамидасы жойылды

Шымкентте тағы бір қаржы пирамидасы жойылды

Фото: FinGramota.kz
Шымкент қаласында Ansar Gold қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлап отыр.

Пирамиданың ұймдастырғандар өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырып жүрген. Ал салымшыларға бес айдан кейін ақшаның 40–60%-ы ай сайын түсетінін және негізгі капиталдың сақталатынын айтып алдаған. Шын мәнінде, төлемдер тауар сатудан түскен табыстан емес, жаңа қатысушылардың салымдары есебінен жасалған.

Соның нәтижесінде бұл қаржы пирамидасына 200-ден астам адам тартылып, 400 миллион теңгеден астам қаражат салынған. Сонымен қатар күдіктілер өздерінің туыстарын «дроп» ретінде тартып, олар арқылы басқа қатысушылардан түскен ақшаны қолма-қол шешу үшін олардың банк карталарын пайдаланған, — делінген ресми хабарламада.

Қазіргі кезде қаржы пирамидасын ұйымдастырушы қамауға алынды. Оған тиесілі автокөлік пен тұрғын үйге шектеу қойылды.

Exit mobile version