Басты бет Жаңалықтар Қаржы пирамидасы үшін сотталған Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты

Қаржы пирамидасы үшін сотталған Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты

Видео скрині
Қаржы пирамидасын құрғаны үшін сотталған Мейірхан Шерниязов жазасын толық өтеп, бостандыққа шықты.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеп отыр.

Оны жақын жолдастары мен отбасы күтіп алған.

Еске салайық, 2022 жылғы 19 сәуірде Мейірхан Шерниязов пен актер Мейіржан Төребаев қаржы пирамидасы ретінде танылған Mudaraban Capital ісі бойынша қамауға алынған.

2023 жылғы 23 маусымда екі азамат та кінәлі деп танылып, әрқайсысы 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Exit mobile version