Басты бетЖаңалықтарАстанада автобус жол апатына түсті: 3 жолаушы зардап шекті

Астанада автобус жол апатына түсті: 3 жолаушы зардап шекті

Астанада жолаушылар автобусы жол апатына түсті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлап отыр.

Қазіргі кезде полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. 3 маусым күні автобус жүргізушісі Қосшығұлұлы көшесінде маневр жасап жатқан Ford көлігіне жол бермеген.

Соның салдарына екеуі соғысып қалған.

Автобустың үш жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді, — делінген хабарламада.