Басты бет Жаңалықтар ҰҚК: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі құрылды

ҰҚК: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі құрылды

Фото: Tengrinews.kz
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылатынын мәлімдеген еді. 2 шілдеде жаңа ведомство «ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі» болып құрылды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Осыған байланысты комитетпен бірқатар ұйымдастыру, басқару және практикалық іс-шара жүзеге асырылады, — делінген ҰҚК хабарламасында.

Ал құқық пен міндет рәсімдері аяқталғанға дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы режиммен жұмыс істей береді.

Exit mobile version