Басты бет Жаңалықтар ҰҚК Астанада қызметкері қаза болғанын растады

ҰҚК Астанада қызметкері қаза болғанын растады

Фото: Tengrinews.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада қызметкері қаза болғанын растады.

21 сәуірде Астана қаласындағы тұрғын үй кешенінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды. Полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Болған оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр, – делінген хабарламада.

Бір айта кетерлігі, БАҚ Астанада ҰҚК қызметкерінің денесі табылғанын жазған. Қызметкердің нақты неден қаза болғаны белгісіз.

Exit mobile version