Басты бетPushНегізгі құны - 2,6 млрд теңге. Бизнесмендер 343 млн теңгеге алған «Баспалар...

Негізгі құны — 2,6 млрд теңге. Бизнесмендер 343 млн теңгеге алған «Баспалар үйі» мемлекетке қайтарылды

Құны 2,6 млрд теңге болатын «Баспалар үйі» АҚ 100% акциясы мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлап отыр.

Алматының Алмалы ауданы прокуратурасы «Баспалар үйі» («Баспа үйі») АҚ акцияларының 100 пайызын мемлекет меншігіне қайтарды.

Бұл ғимарат бұрын мәдениет және спорт министрлігіне тиесілі еді. 2016 жылы (ол кезде мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ред.) Баспа үйінің 2,6 млрд теңге тұратын акциялары жеке тұлғаға арзан бағаға (343 млн тг) сатылып кеткен.

Прокуратура мемлекеттің мүліктік мүддесін қорғау үшін мәмілені жарамсыз деп тану үшін сотқа талап-арыз берген. Апелляциялық сатының қаулысы бойынша, бірінші сатыдағы сот прокуратураның талабын қанағаттандыру туралы шешімді өзгерткен жоқ, — делінген хабарламада.

Шешім заңды күшіне енді.