2 шілде – қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, публицист Мұхтар Шахановтың туған күні. Ол 1942 жылы Түркістан облысы, Қасқасу ауылында дүниеге келген. Назарларыңызға ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы тест ұсынамыз.
0%

Мұхтар Шаханов қай шетел жазушысымен ұзақ жыл дос болған?

Дұрыс! Қате!

Мұхтар Шаханов пен Шыңғыс Айтматов жақын дос болған. Шыңғыс Айтматов Мұхтар Шахановтың шығармашылығын жоғары бағалап, азаматтық ұстанымына құрметпен қараған. Мұхтар Шаханов та қырғыз жазушысының прозасын жоғары бағалаған. Тіпті, жазушы мен ақын бірігіп кітап та жазған. Ол кітап «Құз басындағы аңшының зары» («Ғасыр айрығындағы сырласу») деп аталады. Бұл кітап – рухани философиялық, тарихи-танымдық және махаббат хикаяларына құрылған эсселер кітабы.

Мұхтар Шаханов қай әннің сөзін жазған?

Дұрыс! Қате!

Барлық әннің сөзін Мұхтар Шаханов жазған. Ал ән авторы – Шәмші Қалдаяқов. Екі тұлғаның шығармашылық тандемі – қазақ музыкасы мен поэзиясына өшпес туындылар әкелді. «Шәмші Қалғантабақовпен 16 ән жаздық. Мен әзілдеп, Шәмшіні «Қалдыаяқов – Қалғантабақов» деп атайтынмын. «Ақ бантик», «Кешікпей келем деп ең», «Өмір – өзен» сияқты көптеген әнді бірге жаздық», – деген Мұхтар Шаханов бір сұхбатында.

Қай өлең Мұхтар Шахановтікі емес?

Дұрыс! Қате!

«Дариға, домбырамды берші маған» деген өлең Мұқағали Мақатаевтікі. Бұл өлеңге ән де жазылған. Ән авторы – Нұрғиса Тілендиев. Қазір бұл әнді Мақпал Жүнісова, Тұрсынғазы Рахымов сияқты әншілер орындап жүр.

Мұхтар Шахановтың негізгі мамандығы қандай?

Дұрыс! Қате!

Мұхтар Шахановтың негізгі мамандығы – тракторшы. «Менің негізгі мамандығым – тракторшы. Мамандығымның төңірегінде де елдік мүддеге жақын жүретін адаммын. Кім шындығын жоғалтып алса, сөзі басқа, ісі басқа болса, ұлттық мүддеге терең тамыр жібере алмаса, үлкен ақын, ғалым, саясаткер, жазушы болсын – оның құны көк тиын», – дейді ақын бір сұхбатында.

Мұхтар Шаханов көтерген экологиялық проблема?

Дұрыс! Қате!

Мұхтар Шаханов Арал мәселесін қазақ ақын-жазушыларының ішінде алғашқылардың бірі болып көтерді. Ол бұл мәселені Қазақстан аумағында ғана емес, шетелдерде де көтерген. Ақын Еуропадағы конференциялар мен халықаралық форумдарда Аралдағы экологиялық апат туралы баяндама жасап, әлемдік қауымдастықты Арал тағдырына араласуға шақырған. Мұхтар Шаханов Арал туралы бірнеше өлең де жазған.

Мұхтар Шаханов сөзі мен әнін жазған, жас жұбайлардың әнұранына айналып кеткен ән?

Дұрыс! Қате!

«Жұбайлар жырының» әнін де, сөзін де Мұхтар Шаханов жазған. Осы ән туралы өзі былай дейді: «Әбілахат Еспаев ағамыз екеуіміз әнді «Жұбайлар жыры» деп атауға келістік. Содан кейін оған сөзін жазып берем деп уәде еттім. Алайда, сөзін жаза отырып, әні де бірге шығып кетті. Ертесіне Әбілахат ағаға «сөзімен бірге әнін де жаздым, тыңдап көріңіз, орташа болса өзіңіз аларсыз» дедім. Әнді тыңдаған ағам «Мұндай әнді тура осы тұста мен жаза қоюым екіталай еді. Тамаша, құтты болсын!» деп жылы лебізін білдірді». Бұл әнді алғаш орындаған Нұрғали Нүсіпжанов пен Зейнеп Қойшыбаева еді. Ал бүгінде Алтынай Жорабаева шырқап жүр.

«Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер, Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер, Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер, Жатты мұнда естен танып, күзге айналған көктемдер…», – деген өлең жолдары қай тарихи оқиғаға арналған?

Дұрыс! Қате!

Желтоқсан көтерілісінен кейін қазақ жастары жаппай қуғындалып, көптеген студент оқудан шығарылды. Жұмыстан қуылып, азапталғандар да бар. Сол кездегі ресми билік бұл оқиғаны «Ұлтшылдық», «Бұзақылық» деп бағалап, шындықты жасырып қалуға тырысқан. Мұхтар Шаханов Желтоқсан оқиғасына тікелей қатыспаса да, көтерілістен кейінгі жаппай қудалауға қарсы шыққан. Ол 1989 жылы КСРО жоғарғы кеңесінің мінберінде тұрып, Желтоқсан оқиғасы туралы үндеу жасады. Ақын үндеуде жастарды қаралау дұрыс емес екенін, Желтоқсан оқиғасына тарихи баға беру керек екенін айтқан.

«Кемелер жүздірген шағылтып желкенін айға, Тау толқын төсіңде тербелген ерке күн қайда? Қайда сол дәуренін тағдырдан күш-қуат сезген, Шағала көктемін дүркіреп ұшты ма көзден?», – деп Мұхтар Шаханов қай теңіз туралы ой толғап жатыр?

Дұрыс! Қате!

Бұл Мұхтар Шахановтың «Арал қасіреті» деген өлеңінен үзінді. Ақын Арал теңізінің мәселесін көтеріп, халықаралық конференциялар мен форумдарда баяндама жасаған.

«Махаббат дегеніміз – ...». Мұхтар Шахановтың сөзін жалғастырыңыз

Дұрыс! Қате!

«Үйленудің бәрін махаббат деуге болмайды. Махаббат дегеніміз – екі парасатты, пайымды адамның сана биігінде жолығуы. Мұндай махаббат ұлы тұлғаларда ғана болады...», – деген Мұхтар Шаханов бір сұхбатында

Мұхтар Шаханов қай елде елші болды?

Дұрыс! Қате!

Мұхтар Шаханов 1993-2003 жылдары Қазақстанның Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі болған. Ақын елшілік қызметінен кейін саясаттағы жолын жалғастырып, мәжіліс депутаты болды. Ол парламент мәжілісінде қазақ тіліне қатысты біршама мәселе көтерген. Мысалы, 2007 жылы қазақ тілін түсінбейтін журналистердің парламенттен хабар таратуына қарсы болған.

Тест. Мұхтар Шахановты қаншалық жақсы білесіз?
Жаман емес!
Дегенмен Мұхтар Шахановтың өмірбаяны мен өлеңдерін бір оқып шығу артық етпейді 🙂
Жақсы!
Мұхтар Шаханов туралы біршама біледі екенсіз 🙂
Тамаша!
Бәрекелді! Сізді Мұхтар Шаханов өлеңдері мен өмірбаяны туралы жарысқа қатыстыруға әбден болады 🙂

Әлеуметтік желіде бөлісу:

 

Фото: @aigerim.abzhan

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов