Қостанай облысында рақымшылыққа ілінген сотталғандардың лағашқы легі босатылды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлап отыр.
Қостанай облысындағы колонияларда екі мыңға жуық сотталушы жазасын өтеп жатыр. Олардың 300-і рақымшылыққа іліккен. 2 шілдеде олардың алғашқысы босап шықты.
Рақымшылық арқылы бостандыққа шыққандар жаңа өмірге бейімделу үшін қолдау көреді. Оларға жұмысқа орналасуға, әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіруге және қажет құжат алуға көмек беріледі, — делінген ақпаратта.
Биыл Конституцияның 30 жылдығына орай, түрмеде отырған 15 мың адамға рақымшылық жасалады. Президент оның 2000-ы бостандыққа шығатынын айтты.