Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының «Заң мен тәртіп» деген кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты. Президент мәжілісте бүгінгі Полиция күнімен құттықтап, сөз сөйледі.
Биыл Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толады. Осыған орай, құқық қорғау құрылымдары, депутаттар мен құқық қорғаушылар сотталған азаматтарға рақымшылық жасау туралы бастама көтерген еді.
Парламент заңды қарады, мен бұл заңға қол қойдым. Осы ізгі шараның арқасында жазасын өтеп жатқан 15 мыңнан астам адамға амнистия жарияланды. Соның екі мыңнан астамы бостандыққа шығады. Қалғандарының жаза мерзімі қысқарады. Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағандар ғана рақымшылыққа ілінеді, — деді Тоқаев.
Ең алдымен әлеуметтік жағынан осал топқа жататын адамдарға кешірім беріледі. Олар:
- баласы бар әйелдер;
- егде жастағылар;
- кәмелет жасына толмағандар және осы санаттағы басқа да азаматтар.