Басты бетЖаңалықтарҮш ауысыммен оқитындар азаяды: Алакөл ауданында жаңа мектептер салына бастады

Үш ауысыммен оқитындар азаяды: Алакөл ауданында жаңа мектептер салына бастады

Жетісу облысындағы Алакөл ауданында жаңа мектептер салынып жатыр. Бұл туралы аудан әкімі Алмас Абдинов журналистерге айтып берді.

Әкімнің айтуынша, биыл облыс бойынша бірнеше жаңа мектеп пен балабақша салына бастайды.

Аудандағы 45 мектепте 13,4 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр. 17 балабақша мен 30 кіші орталықтарда 2 500 бала тәрбиеленіп жатыр. Аудан бойынша үш ауысыммен оқитын және апатты жағдайда тұрған мектептер жоқ. Жалпы 45 мектептің 38-і күрделі жөнделген. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Достық ауылында 600 орынды мектеп салынып жатыр. Биыл пайдалануға беріледі деп отырмыз. Сонымен қатар Үшарал қаласындағы «Арай» балабақшасы күрделі жөнделіп жатыр. Қазіргі таңда өңірде бірнеше мектеп салына бастады. Жаңа ғимараттар пайдалануға берілген соң үш ауысыммен оқитын оқушылар саны айтарлықтай азаяды, — деді Алмас Абдинов.

Аудан әкімдігі ауылдық мектептердегі педагог тапшылығын жою үшін арнайы көтермеақы, тұрғын үй бағдарламасы және әлеуметтік пакет ұсынатынын мәлімдеп отыр.

Сонымен қатар мұғалімдердің білігін арттыру жұмыстары да жүйелі түрде жүреді. Өңірдегі білім ошақтарына біртіндеп интернет тартылып, компьютер және интерактив құрылғылар беріліп жатыр, — деді аудан әкімі.