Басты бетЖаңалықтарҚазқгидромет: бүгін 3 қаланың ауасы нашарлайды

Қазқгидромет: бүгін 3 қаланың ауасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2 шілдеге арналған Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

2025 жылғы 2 шілдеде Алматыда, Жезқазғанда және түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай болады, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.