Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров 17 жастағы ұлы Адамды үйлендірді. Тойға барған қонақтар арасында Ресейдегі Қазақстан елшісі Дәурен Абаев та бар. Елші тойға не үшін барғанын айтып берді.
Бұл туралы Orda.kz жазып отыр.
Мен — Мәскеудегі ғана емес, жалпы Ресей Федерациясындағы елшімін. Аймақтарды үнемі аралап тұрамын. Шешен және қазақ халықтары аса достық қарым-қатынаста. Мыңдаған шешен Қазақстанға жер аударылғаны есімізде. Ал шешендер қиналғанда қазақтар оларды тастап кетпегенін ұмытқан жоқ. Осы достықтың белгісі ретінде (ең алдымен) [тойға] бардым, — деп жауап берген Дәурен Абаев.