Басты бетЖаңалықтарЕңбек вице-министрі болған Ақмәди Сарбасов не үшін ұсталды?

Еңбек вице-министрі болған Ақмәди Сарбасов не үшін ұсталды?

Бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды. Бұл туралы «За нами уже выехали» Telegram каналы жазып отыр.

Қазіргі уақытта Ақмәди Сарбасов Адам ресурстарын дамыту орталығының президенті қызметін атқарып жатыр. Бұл ұйым еңбек министрлігіне бағынады.

Министрлік каналдың ресми сауалына жауап берген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшысының ұсталу фактісін растайды. Министрлік белгіленген тәртіппен тергеу органдарына көмек береді, — делінген министрлік жауабында.

Ақмәди Сарбасовпен қоса орталық төрағасы Дәулет Арғандықов пен Бірінші несиелік бюроның бас директоры Руслан Омаровқа да бұлтартпау шарасы тағайындалған.

Журналист Михаил Козачков бұған дейін тергеушілердің айтуынша, Адам ресурстарын дамыту орталығы Бірінші несие бюросына азаматтар мен несиелер туралы ақпаратты сатқанын хабарлаған.

Бұған дейін 16 млн Қазақстан азаматының дерегі тарап кеткенін жазған едік.