Басты бетЖаңалықтарЕлімізде 1-3 шілдеде күн райы қандай болады?

Елімізде 1-3 шілдеде күн райы қандай болады?

«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған күн райы болжамын жариялады.

Республика аумағының басым бөлігінде ауа райына циклон мен соған қатысты атмосфералық фронтальды бөлік әсер етеді. Жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

1 шілдеде еліміздің батысы мен шығысында, 3 шілдеде солтүстік-батысында бұршақпен бірге қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Тек орталықта, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күн негізінен жауын-шашынсыз болады. Батыс және оңтүстік өңірлерде жел күшейіп, шаңды дауыл тұруы мүмкін, — делінген хабарламада.

Күндіз термометр бағаны оңтүстік-шығыста 35-39 градус аптап ыстықты, 2-3 шілдеде орталықта 35-38 градусты, оңтүстікте 40-44 градусқа дейінгі қатты ыстықты, 3 шілдеде солтүстікте 30-35 градус жылыны көрсетеді.