Биыл шілдеде Қазақстан азаматтары демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, тоғыз күн демалады.
6 шілде Астана күні атап өтіледі. Бұған қоса, шілде айында кәсіби мерекелер де бар, алайда олар қосымша демалыс күндерімен бекітілмеген.
Биыл Астана күні жексенбіге түсіп тұр, сондықтан демалыс күні дүйсенбіге, 7 шілдеге ауысады. Бұл Қазақстан азаматтарына ұзақ демалуға мүмкіндік беріп отыр. Бұл алты күндік жұмыс кестесімен істейтіндерге де қатысты. Демалыс кестесі:
- Бес күндік жұмыс аптасы: демалыс күндері — 5, 6 және 7 шілде;
- Алты күндік жұмыс аптасы: 5 шілде — жұмыс күні, 6 және 7 шілде — демалыс.
Шілде айында кәсіби және басқа да мерекелер бар. Бұл күндер жұмыс күндері болса да, олар аталып өтіп, тиісті сала қызметкерлері құттықталады.