Басты бетЖаңалықтарПарламент депутаттары каникулға кетті

Парламент депутаттары каникулға кетті

Бүгін сегізінші сайланған Қазақстан парламентінің үшінші сессиясы аяқталды.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың айтуынша, сессия кезінде қос палатада 158 заң жобасы қаралды. Соның ішінде 89 заң қабылданды.

Президенттің сайлауалды бағдарламасы аясындағы заңнамалық бастамалардың бәрін дерлік депутаттық корпус осы сессияда іске асырды. Сессия кезінде біз әлеуметтік саясат пен азаматтарымыздың мүддесі мызғымас басымдық екенін айқын көрсеттік. Ол ең алдымен еліміздің негізгі қаржы құжатында — үшжылдық бюджетте көрініс тапты. Атап айтқанда, шығыс бөлігінің шамамен 40%-ы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған, — деді Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Биыл базалық зейнетақы 6,5%-ға, ал сабақтас зейнетақы 8,5%-ға өсті. Әлеуметтік көмек алатындардың саны артты.