Басты бетЖаңалықтарАстанада тағы бір жол күзге дейін жабылатын болды

Астанада тағы бір жол күзге дейін жабылатын болды

Астанадағы Бөкейхан көшесі мен №9 емхана аралығындағы жол 1 қыркүйекке дейін жабылады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қала әкімдігі тұрғындарға ескерту жасап, емханаға тек Мәңгілік Ел даңғылы арқылы кіресіздер деп хабарлап отыр.

Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы көшелерді жөндеу үшін Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі жол 30 маусым мен 1 қыркүйек аралығында толық жабылады, — делінген хабарламада.

Әкімдік көлік иелері мен жаяу жүргіншілерден жол қозғалысын алдын ала жоспарлауды сұраған.