Басты бетЖаңалықтарБүгін еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК синопткитері Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

2025 жылғы 30 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, Ақтөбе, түнде Атырау, Петропавл қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.