Басты бетЖаңалықтарАлматыда әскери қызметкерлерге қатысты тергеу жүріп жатыр

Алматыда әскери қызметкерлерге қатысты тергеу жүріп жатыр

Алматыда жоғары лауазымды әскери қызметкерлер қызметтік өкілеттерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

Әлеуметтік желіде қорғаныс саласында жұмыс істейтін бірқатар жоғары лауазымды тұлғаның ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл дерекке ҚР ішкі істер министрлігі түсініктеме берді.

ІІМ әскери-тергеу департаменті ҚР қылмыстық кодексінің 451-бабы (билікті немесе лауазымдық өкілеттерді асыра пайдалану) бойынша Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да