Алматыдан Қырғызстандағы Ыстықкөлге тікелей әуе рейстері ашылады. Жаңа бағытта екі әуе компаниясы – Asman Airlines пен Fly Arystan қатынайтын болды.
Бұл туралы Қазақстанның азаматтық авиация комитеті хабарлап отыр.
Қырғызстандық Asman Airlines компаниясы 2024 жылғы 27 маусымнан бастап Алматы– Ыстықкөл бағыты бойынша аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды. Бұл компания Қазақстан нарығына енген жаңа тасымалдаушы ретінде тіркеліп отыр.
3 шілдеден бастап Fly Arystan әуе компаниясы дәл осы бағыт бойынша бейсенбі және жексенбі күндері рейстер орындайды.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, жазғы маусымда Алматы мен Ыстықкөл арасында аптасына төрт тұрақты рейс орындалады.