Желтоқсан көшесінде BRT жобасы аясында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
27 маусым күні сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін Бөгенбай батыр көшесінен Жібек Жолы көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Наурызбай батыр көшесі және Абылай хан даңғылы бойымен айналып өтуге болады, – делінген хабарламада.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған тақта қойылды.