Басты бетЖаңалықтарҚазгидромет: Бүгін 2 қалада ауа сапасы нашарлайды

Қазгидромет: Бүгін 2 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

2025 жылғы 27 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Петропавл, Жезқазған қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да