«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстандағы 28 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялап отыр.
Астанада найзағай күтіледі. Күн райы ел астанасында құбылмалы болады.
Ақмола облысында қатты жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады: оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысында найзағай мен бұршақ күтіледі. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, бұршақ ал күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең найзағай болады.
Қарағанды облысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел екпіні 15-17 м/с жетеді. Батысы мен шығысында және оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда найзағай мен бұршақ болады.
Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, шығысында екпіні 15-17 м/с жетеді. Батысы мен оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с дейін жетеді.
Абай облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады: солтүстігі, оңтүстігі және орталығында екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді.
Алматы облысының батысы, оңтүстігі және таулы аймақтарында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы мен Қонаевта кей кездері найзағай күтіледі. Жел батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жетісу облысының таулы аймақтарында найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан соғады: шығысы, солтүстігі және таулы аймақтарында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, таулы жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыс бойынша өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкентте – өте жоғары өрт қаупі.
Қызылорда облысының батысында шаңды дауыл күтіледі. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында кей кездері қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Жел екпіні 23 м/с дейін жетеді. Батысы мен орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең батысында тұман болады. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Атырау облысында кей кездері қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Жел екпіні 15-18 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысында бұршақ жауып, найзағай болады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.