Ғалымның бұл болжамының басты себептері ағымдағы жылдың жаз айында BBC арнасында «Стивен Хокинг: жаңа Жерге экспедиция» атты деректі фильмде көрсетіледі.
CNBC мәліметінше, Хокинг бұған дейін де уақыт өткен сайын жаһандық апаттың болу қаупі артып келе жатқанын хабарлаған. Оның болжауынша, апат алдағы 1000-10000 жылда болады.
Физиктің айтуынша, апаттан құтылудың жалғыз жолы — басқа ғаламшарларға көшу. Оның тұжырымдамасындағы басты қауіптер: Жерге астероидтардың құлауы, климаттың өзгеруі мен Жер бетіндегі адамзат санының шектен тыс артуы. Сондай-ақ ядролық соғыс, жаһандық жылыну, генетикалық модефикацияланған вирустар мен жасанды интелект те апат болып келмек.