«Қазгидромет» РМК мамандары 2025 жылғы шілдеде Қазақстанның 12 өңірінде құрғақшылық болады деп болжады.
Гидрометеорологиялық орталық мамандарының айтуынша, шілде айында қуаңшылық аймағы ұлғаяды.
Алдын ала есептеу бойынша 2025 жылғы шілдеде:
- Батыс Қазақстан облысының Жәнібек, Сырым және Қаратөбе аудандарында;
- Атырау облысының Махамбет, Мақат, Исатай және Қызылқоға аудандарында;
- Маңғыстау облысының Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандарында;
- Ақтөбе облысының Шалқар және Ойыл аудандарында;
- Қостанай облысының Амангелді, Жангелді аудандарында;
- Қарағанды облысының Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандарында;
- Абай облысының Аягөз, Жарма және Үржар аудандарында;
- Алматы облысының Балқаш және Жамбыл аудандарында;
- сонымен қатар Ұлытау, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының басым бөлігінде ауа райы бірқалыпты құрғақ болады.
Елдің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайы нормаға жуық болады деп болжанып отыр.
Қажет болған жағдайда алдын ала болжам нақтыланады.