Басты бетЖаңалықтарЖамбыл облысында ҰҚК-ның екі қызметкері жол апатынан қаза болды

Жамбыл облысында ҰҚК-ның екі қызметкері жол апатынан қаза болды

Жамбыл облысында ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің екі қызметкері жол-көлік оқиғасынан қаза болды.

Ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды.

Оқиға Toyota Camry және Mitsubishi Pajero көліктерінің қатысуымен болған. Жол апатынан екі адам қаза болып, тағы үшеуі медициналық көмекке жеткізілген. Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы бойынша іс қозғалды. Toyota Camry көлігінің жүргізушісі, Шолдала ауылының бағытымен жүріп келе жатқанда, басты жолмен қозғалып келе жатқан Mitsubishi Pajero көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында екі адам қаза болды, үш адам ауруханаға жеткізілді, — делінген хабарламада.

Оқиғаға күдікті жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көліктер арнайы автотұраққа қойылды. Тергеу амалдары жалғасып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.