Басты бетЖаңалықтарАстана мен Жезқазған мектептерінде 1 мыңнан астам экобокс орнатылады

Астана мен Жезқазған мектептерінде 1 мыңнан астам экобокс орнатылады

Елімізде жыл сайын 4,5 миллион тоннадан астам коммуналдық қалдықтар жиналып қалады. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ал оларды қайта өңдеу деңгейі 2024 жылы 25,8% болды. Бұл көрсеткішті арттыру үшін қатты тұрмыстағы қалдықтарды жинау, шығару және қайта өңдеу үшін заманауи инфрақұрылым құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Былтырдан бастап өңірлерде қайта өңдеуге арналған бонустар ұсынатын экобокстар мен фандоматтар сияқты инновациялық шешімдер енгізіліп жатыр.

Маусым айының соңына дейін экология және табиғи ресурстар министрлігінің пилоттық жобасы аясында Астана мен Жезқазғанның 129 мектебінде 1 мыңнан астам экобокс орнатылады. Осылайша, ҚТҚ утилизациялау көлемін азайту бойынша өзекті мәселелердің бірі шешіледі, — деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар бүгінгі таңда 62 жоба мақұлданды, бұл өңдеу қуатын жылына 1,1 миллион тоннаға арттырады. Оның ішінде 52,7 миллиард теңгеге 13 жоба қаржыландырылды, ал тағы 21 жоба – 74,5 миллиард теңге кәсіпкерлікті дамыту қорында сараптама сатысында тұр.