Қасым-Жомарт Тоқаев отандық журналистика саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Мемлекет басшысының 2025 жылғы 24 маусымдағы №226 өкімімен:
Қазақстан Республикасы президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:
- Egemen Qazaqstan газеті бас редакторының орынбасары – Талғат Садықұлы Батырханға;
- «АЙҚЫН-ЛИТЕР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры – Талғат Ешенұлы Қырықбаевқа;
- «Казахстанская правда» газетінің бөлім редакторы – Юлия Дмитриевна Магерге;
- Qazaqstan ұлттық телеарнасының шеф-редакторы – Армангүл Тоқтамұратқа берілді.
Қазақстан Республикасы президентінің БАҚ саласындағы гранты:
- Kokshe телеарнасының шеф-редакторы – Зарина Өмірғалиқызы Бекқалиеваға;
- Jibek Joly / Silk Way телеарнасының тілшісі – Күнсая Құрмет-Рахимоваға;
- Abay Live YouTube арнасының авторы және жүргізушісі – Абай Сейфуллаұлы Тіленшиевке;
- Тengrinewskz сайтының тілшісі – Алина Александровна Шашкинаға тапсырылды;
Қазақстан Республикасы президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:
- Ana tili газетінің шығармашылық ұжымына;
- BALAPAN телеарнасының шығармашылық ұжымына;
- Soltustik Qazaqstan газетінің шығармашылық ұжымына;
- «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының ұжымына жарияланды.