Басты бетЖаңалықтарЖамбыл облысында «Заң және Тәртіп» акциясы жалғасып жатыр

Жамбыл облысында «Заң және Тәртіп» акциясы жалғасып жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заң және Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында 2025 жылғы 23-27 маусым аралығында Жамбыл облысында азаматтарды қоғамдық қабылдау бойынша апталық акциясы басталды.

Бұл туралы Жамбыл облысының прокуратурасы хабарлап отыр.

Барлық құқық қорғау, жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметкерлері өңір тұрғындарын тыңдап, көмек көрсетеді. Бұл іс-шараның мақсаты — азаматтардың құқықтарын қорғау, олардың мәселелерін шешу, сонымен қатар заңдылық пен құқық тәртібін нығайту.

Акцияның бірегей ерекшелігі — өңірдің шалғай елді мекендеріне автобустармен жылжымалы іс-шаралардың бір уақытта өткізілетіндігі болып отыр. Тәжірибелі қызметкерлерден құралған мобильді топтар автобустармен ауылдық елді мекендерге барып, заңдарды түсіндіру, мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу тәртібін жеткізу және проблемалық мәселелерді анықтау үшін жұмыс істеп жатыр. Мұндай тәсіл халықтың максималды қамтылуын қамтамасыз етеді және көрсетілетін көмектің тиімділігін арттырады. Акцияға дайындық барысында азаматтардың өтініштері зерттеліп, шығатын жұмыс топтарының нақты үйлестірілуі қамтамасыз етілді, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Жамбыл облысының прокуратурасында «Ашық есік күні» өтті, оның мақсаты прокуратура органдарының халықпен кері байланысын орнату, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды. Іс-шараның басты бағыттарының бірі азаматтарды цифрлық платформалармен практикалық түрде таныстыру болды, олар:

  • «Құқықбұзушылық картасы» — өз ауданындағы қылмыс деңгейін бақылау және жеке қауіпсіздікті арттыру;
  • «Қоғамдық сектор» — қылмыстық тергеу материалдарымен танысу және қылмыстық процесс қатысушыларына өтініштер беру;
  • «Бірыңғай әкімшілік құқықбұзушылықтар реестрі» — айыппұлдардың бар-жоғын өз бетімен тексеру және келіспеген жағдайда оларды шағымдану;
  • WhatsApp бот арқылы құқықбұзушыларға ескерту — үштен астам әкімшілік құқықбұзушылық болған жағдайда, заң бұзушыларды уақтылы хабардар ету.

Жалпы а.ж. прокуратурамен халықпен тікелей байланыс орнатуға зор мүмкіндік беретін «Қоғаммен байланыс» жобасы іске асырылып жатыр.

Жоба аясында прокурорлар уәкілетті мемлекеттік органдармен бірге шалғай елді мекендерде 120-дан астам көшпелі кездесулер өткізді. Іс-шаралар 10 мыңнан астам азаматтарды қамтыды.

Бірлескен қоғамдық қабылдауларда 2,5 мың азамат тиісті жауаптар мен құқықтық көмек алып, ал 350 азаматтардың өзекті мәселелері толығымен шешілді.

Сонымен бірге жоба аясында прокурорлар тексерулер мен талдаулар жүргізіп, халыққа әсерін тигізетін өзекті мәселелерді анықтап, 12,2 мың тұрғынның құқықтарын қорғады.

Мысалы 300-ден астам азаматтардың тұрғын үй алу құқығы қорғалды, 2,5 мың жұмысшының еңбек құқығы қалпына келтірілді, ерекше қажеттіліктері бар 2 мың адамға тиесілі инватакси жұмысының графигі қайта қаралды.

Облыс прокуроры өзі 5 ауданда (Жамбыл, Байзақ, Талас, Рысқұлов, Қодай), халықпен ауқымды кездесулер өткізіп, жеке қабылдауында бірқатар мәселелері шешілді.

Мысалы, Жамбыл ауданында мүмкіндігі шектеулі 170 балаға сабақ беру үшін жаңа ғимарат берілді, Т.Рысқұлов ауданында 41 үлескердің көп жылдық мәселесі шешілді. Қордай ауданында бірнеше ай бойы кепілдік құжаттарын қайтара алмай жүрген ауыл шаруашылығы жануарларын өсірумен айналысатын 102 кәсіпкердің мәселесі шешілді. Тараз қаласында 15 шағын аудандағы 58 үй жылумен қамтамасыз етілген.