Алматы маңында пойыз екі адамды басып кетті. Оқыс оқиға кеше Ақсеңгір-Бурундай аралығының Отар—Алматы—1 учаскесінде болған.
Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлап отыр.
2025 жылғы 23 маусымда сағат 19:10–да Ақсеңгір-Бурундай аралығының Отар—Алматы—1 учаскесінде пойыз машинисі екі адамның темір жолға кенеттен шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Олар локомотив сигналдарына назар аудармады.
Қашықтықтың қысқалығына байланысты басудың алдын алу мүмкін болмады. Оқиға туралы Алматы-1 станциясының ЖПБ-ға хабарланды. Оқиға орнында құзыретті қызметтер жұмыс істеп жатыр. Тергеу жүргізіліп жатыр — делінген хабарламада.