Басты бетЖаңалықтарЕнді eGov арқылы полицияға тікелей хабарласуға болады

Енді eGov арқылы полицияға тікелей хабарласуға болады

Egov қолданбасында «Заң мен Тәртіп» жаңа цифрлық сервисі іске қосылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

Жаңа сервис арқылы кез келген адам құқық бұзушылықтар туралы полицияға тікелей хабарлай алады.

Қолданбаның басты бетінде арнайы «Заң мен Тәртіп» түймесі пайда болды. Сол арқылы хабарламаны жедел жолдауға болады. Өтініш беру қарапайым әрі түсінікті. Қоғамдық тәртіпті бұзу, тұрмыстағы зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғасы немесе балаға төнген қауіп сияқты жағдайлар туралы дабыл бірден полицияға түседі және полиция қызметкерлері хабарлама түскен сәттен бастап әрекет етеді, — делінген хабарламада.

Тура сондай сервис кейбір банк қолданбаларына да интеграцияланды. Негізгі мақсат – полиция мен азаматтар арасындағы өзара әрекеттестікті жеңілдету және жеделдету, жедел әрекет ету деңгейін арттыру және көмекті барынша қолжетімді ету.

Сервис тәулік бойы жұмыс істейді. Ал өтініштер бүкіл республика бойынша қабылданады.