Басты бет Жаңалықтар Алматы облысында анасы мен баласы өзенге ағып кетті

Алматы облысында анасы мен баласы өзенге ағып кетті

Фото: зоология институтының архиві
Алматы облысында анасы мен баласы өзенге ағып кетті. Құтқарушылар іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұл туралы Алматы облысы ТЖД хабарлап отыр.

ТЖД мәліметінше, 1981 жылғы әйел мен оның 2015 жылғы баласы Талғар өзенінің жағасына барған. Демалыс кезінде олар суға құлап, ағыс алып кеткен. 22 маусым күні сағат 15:55-те Талғар ауданы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Маралсай шатқалында құтқару-іздеу жұмыстары басталған.

Сағат 18:35-де Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары судан әйелдің мәйітін шығарды. Өзен жағасында баланы іздеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Іздестіру-құтқару операциясына шамамен 110 қызметкер және 20-дан астам техника тартылған, — делінген хабарламада.

Exit mobile version