Дональд Трамп Израиль мен Иран арасында атыстың толық тоқтағанын айтты. Келісім АҚШ пен Қатардың бірлескен делдалдығының нәтижесі болды.
АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иран арасында 12 күнге созылған қарулы қақтығысты тоқтатуға бағытталған «атысты толық және түпкілікті» тоқтату туралы режиміне қол жеткізілгені туралы жариялады. Бұл туралы ол дүйсенбі күні кешке Truth Social платформасында жарияланған ресми мәлімдемесінде хабарлады.
Трамптың айтуынша, атысты тоқтату режимі кезең-кезеңімен күшіне енеді: тараптар алғашқы ағымдағы операцияларды алты сағат ішінде аяқтайды, ал атысты толық тоқтату 24 сағат ішінде жүзеге асырылады. Ол сонымен қатар Иранның режимді дереу сақтай бастайтынын, ал Израильдің 12 сағаттан кейін орындайтынын қосып өтті.
Еске салайық, Иранда 50-ге жуық, Израильде 170-тей Қазақстан азаматы қалды. Олардың көбі — елшілік қызметкерлері.