Алматыда үш жасар бүлдіршін 9-қабаттың балконынан құлап кеткені туралы ақпарат тарады. Полиция қайғылы оқиғаны растады.
Жедел жәрдем тобы оқиға орнына дереу жеткенімен, дәрігерлер баланы аман алып қала алмады.
Үш жасар баланың өліміне байланысты тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайын Алатау ауданы полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр, – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция ата-аналар мен заңды өкілдерді балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге шақырды:
- терезелерге қорғаныс бекіткіштерін орнату;
- балаларды қараусыз қалдырмау;
- әсіресе қауіпті аймақтарға жақын жерде абай болу қажеттігін ескертті.