Иранда 50-ге жуық, Израильде 170-тей Қазақстан азаматы қалды. Олардың көбі — елшілік қызметкерлері. Бұл туралы брифиңде Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.
Айбек Смадияровтың айтуынша, Иранда қалған 50-ге жуық Қазақстан азаматы — еліміздің паспорты бар адамдар. Мұның Иранда тұратын этникалық қазақтарға қатысы жоқ. Өйткені олар — сол елдің азаматы.
50-ге жуық адамның жартысынан көбі — біздің қызметкерлеріміз. Олар ол елден кете алмайды, олар жұмыс істеп жатыр. Оларға да эвакуация жасасақ, қалғандарына кім көмектеседі? — деді Айбек Смадиярова.
Израильде 170-ке жуық Қазақстан азаматы бар.
Олар басқа да әуе компаниялары арқылы елден шығып кетіп жатыр. Алайда елшілікке хабарласса, біз көмектесуге дайынбыз, — деді ол.
Сырта істер министрлігі Ираннан бас-аяғы 230 Қазақстан азаматын, Израильден 66 Қазақстан азаматын эвакуациялаған. Бұған дейін Ирандағы Қазақстан азаматтары эвакуацияланып жатқанын жазған едік.