Басты бетЖаңалықтарКүн райы болжамы: алдағы 3 тәулікте жаңбыр жауып, күн суытады

Күн райы болжамы: алдағы 3 тәулікте жаңбыр жауып, күн суытады

«Қазгидромет» алдағы күндерге арналған күн жайы болжамын жариялады. Елімізде алдағы үш тәулікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел соғады.

Қазақстан аумағы арқылы белсенді циклондар, соның әсерінен атмосфералық фронттар жылжып жатыр. Бұл елде күн райы тұрақсыз болуына себеп. Алдағы күндері елімізге тағы бір фронт толқыны әсер етіп, жауын-шашын жауып, екпінді жел соғады және найзағай ойнайды, — делінген хабарламада.

Республика аумағының басым бөлігінде жауын жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Ауа температурасы біртіндеп төмендеп, аптап ыстықтың беті қайтады:

  • +20…+28°C-қа дейін — елдің көп бөлігінде;
  • +15…+23°C — солтүстік өңірлерде;
  • +25…+33°C — оңтүстікте.