Басты бетЖаңалықтарAir Astana Таяу Шығысқа ұшатын рейстерді уақытша тоқтатты

Air Astana Таяу Шығысқа ұшатын рейстерді уақытша тоқтатты

Air Astana компаниясы Таяу Шығыстағы қақтығыс шиеленісіп кеткендіктен рейстерін уақытша тоқтатты.

Әуе компаниясы 23 маусымда мынадай рейстерді тоқтатады:

  • КС191/192/Атырау-Дубай-Атырау;
  • КС205/206/Астана-Дубай-Астана;
  • КС897/898/Алматы-Дубай-Алматы;
  • КС655/656/Астана-Доха-Астана.

Ұшпаған рейстердің жолаушысына ақысыз қайта брондау немесе билет құнын толық қайтару ұсынылады.

Air Astana әуе компаниясы рейстерді тағы да тоқтатса, оны қосымша хабарлайды.