Басты бетЖаңалықтарСирия астанасындағы шіркеуде терактіден 20 адам қаза болды

Сирия астанасындағы шіркеуде терактіден 20 адам қаза болды

Сирия астанасы Дамаскінің Дуилла ауданындағы Мар Элиас шіркеуінде жексенбі күні лаңкес өзін жарып жіберген еді. Жарылыстан кемі 20 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Бұл туралы Reuters хабарлап отыр.

Бұл — желтоқсанда Башар Асадты исламшыл көтерілісшілер тақтан тайдырғаннан кейінгі Дамаскідегі алғашқы лаңкестік әрекет.

Сирияның ішкі істер министрлігі лаңкес «Ислам мемлекеті» ұйымының мүшесі екенін мәлімдеді.

Ол шіркеуге кіріп, оқ жаудырып, сосын жарылғыш кеудешесін жарып жіберген, — делінген министрлік хабарламасында.

Аты-жөнін атамауды сұраған қауіпсіздік органындағы дереккөздің айтуынша, шабуылға екі ер адам қатысқан, олардың бірі өзін жарып жіберген.

Тағы бір қауіпсіздік күшінде дереккөз Асад режимі құлағалы «Ислам мемлекеті» Сириядағы шіркеулерге бірнеше рет шабуыл жасағанын, алайда мына теракт қана алғаш жүзеге асып отырғанын айтқан.