Басты бетPushАқша жымқырған Мұрат Боранбаев қылмыстық жауапкершіліктен босатылған

Ақша жымқырған Мұрат Боранбаев қылмыстық жауапкершіліктен босатылған

Бұған дейін ірі кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа квазимемлекеттік сектордан аса ірі мөлшерде қаражат жымқырды деген айып тағылып, ол жазасын өтеген еді. Оның інісі Мұрат Боранбаев та Алматыдағы Alan Parking ақылы тұрақ жүйесінің иесі болатын. 2022 жылы қаржы мониторингі агенттігі Мұрат Боранбаевқа іздеу жариялаған еді. Ол 2024 жылғы 24 желтоқсанда ұсталған. Сөйтіп 2025 жылғы 28 ақпанда бостандыққа шыққан.

Бұл туралы Tengrinews және «Қазақпарат» жазып отыр.

Қазақстан Республикасы қаржы мониторингі агенттігі М.С.Боранбаевты ұсталғандықтан, 2024 жылғы 24 желтоқсанда оны іздеу тоқтағанын хабарлайды, — делінген агенттік ақпаратында.

Ал Бас прокуратураның активтерді қайтару комитеті 2022 жылғы 20 қазанда Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті Мұрат Боранбаевқа қарсы Алматыда ақылы автотұрақ жүйесін іске қосып жатқанда аша жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын еске салды. Оған іздеу жарияланған.

2024 жылғы 18 желтоқсанда қылмыстық іс комитет өндірісіне қабылданды. Іздеуде жүрген М.Боранбаев өз еркімен берілді. М.Боранбаевтан келіп түскен өтінішхат негізінде комитет Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 617-3-бабына және «Заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару туралы» заңының 25-бабына орай, кінәні мойындау және заңсыз алынған мүлікті қайтару туралы іс жүргізу келісімін жасады, — делінген активтерді қайтару комитеті хабарламасында.

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2025 жылғы 28 ақпандағы қаулысы бойынша, М.Боранбаев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67-1-бабының негізінде кінәні мойындау және заңсыз алған мүлікті қайтару, сондай-ақ залалды толық өтеу туралы процессуалдық келісімнің талабын орындағандықтан, қылмыстық жауапкершіліктен босатылған.