Басты бетЖаңалықтарҚазақстан мен Ресей АЭС салу туралы жол картасын бекітті

Қазақстан мен Ресей АЭС салу туралы жол картасын бекітті

Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёв Қазақстанда АЭС салу жобасын іске асыру мәселелері бойынша кездесу өткізген.

Кездесуде жобаны дайындау және іске асыру кезеңдерін қамтитын индикативтік жол картасы бекітілді. Құжатта инженерлік-іздестіру жұмыстарын жүргізу, EPC-шарт жасасу және жобалық құжаттаманы әзірлеу көзделген. Тараптар бұл жобаның еліміз үшін стратегиялық маңыздылығын және оны жедел іске асыру қажеттігін атап өтті.

Іс-шара аясында «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС мен «Росатом» мемлекеттік корпорациясының инжинирингтік компаниясы – «Атомстройэкспорт» АҚ арасында Алматы облысының Жамбыл ауданында жобаны іске асыруға байланысты ынтымақтастықтың негізгі қағидаттарын айқындайтын негіздемелік келісімге қол қойылды.