Басты бетЖаңалықтарАтыраудан Дубайға рейстер уақытша тоқтатылды

Атыраудан Дубайға рейстер уақытша тоқтатылды

Air Astana 28 маусымнан бастап Атырау-Дубай бағыты бойынша ұшу уақытының едәуір ұзаруына байланысты уақытша орындалмайтынын хабарлап отыр.

Дубайға Астана мен Алматыдан ұшатын рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігі тысында жалғасады.

Уақытша тоқтатылған рейстердің жолаушыларына Алматы және Астана қалаларынан Дубайға немесе Атыраудан басқа бағыттарға тегін қайта брондау не билеттің толық құнын қайтару ұсынылады, — делінген Air Astana хабарламасында.